ШҚО-дағы өзен-көлдердің деңгейі күрт көтерілуі мүмкін

шығыс Қазақстан облысында өзендер тасуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 13:31 Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдердің деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. Қазгидромет орталығының мәліметі бойынша аймақта алдағы екі тәулікте толассыз жауын болуы ықтимал.

Оған қоса күн күрт ысиды деген болжам бар. Сондықтан таудағы қар еріп өзендер тасуы мүмкін.

Егер су тасыса Қатонқарағай, Алтай, Самар аудандарындағы тау арасы мен өзен жағасын қоныстанған ауылдарға қауіп төнуі қаупі бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы шығыста көктемде су тасқыны үш толқынмен өтеді. Алғашқысы наурыз бен сәуірде болса, екіншісі мамырда болуы мүмкін. Ал соңғысы таудағы мұздықтар ерігенде, яғни маусым мен шілдеде өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: