Өскеменде өрт сөндірушілер бес жасар баланың арманын орындады

Өрт сөндірушіғ бала арман, құтқарушы, ШҚО ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 11:39 Сурет: pixabay
Өскеменде №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бес жасар Алан Нұрланның арманын орындады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өскемен қаласының №8 өрт сөндіру бөліміне баласының арманын орындауға көмектесуді өтініп Аланның анасы хабарласыпты.

"Туған күнінде баласы құтқарушыларға қонаққа барғысы келетінін айтып, анасы бес жастағы баласының арманын орындауды өтінді".ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

№8 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері Аланның тілегін іске асырды.

"Өрт сөндірушелір заманауи өрт-құтқару техникасын көрсетіп, қызметті қалай өткеретіні жайында әңгімелеп берді. Бала жауынгерлік киім-кешекті киіп, арманының орындалғанына қатты қуанды".ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: