Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында тұрғындар су басқан үйіне жолай алмай жүр

су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 00:22 Сурет: БҚО төтенше жағдайлар департаменті
Ақтөбе облысында тасқын қаупі сейілмей тұр. Төтенше жағдай жарияланған Қобда ауданында бес ауылмен қатынас үзілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал Ойылда Қаратал ауылы мен аудан орталығын жалғайтын жолды су шайып кеткен. Мұндағы Екпетал ауылынның мал-жанын түгелдей көшіруге тура келген. Облыс бойынша үш мектептің оқушылары сабаққа бара алмай, қашықтан оқып жатыр.  

КТК телернасының хабарлауынша, Қобда ауылында тұрғындар су басқан үйіне жолай алмай жүр. Көлкіген ылғалды енді кептіру қиын. Отбасымен көшірілген тұрғындар туған-туыстарының үйінде, сосын спорт кешеніне түнеп жүр. Ұры-қарылар су басқан үйлерді үптеп кетпеу үшін күзет күшейтілді.    

"Мына үйді өзіміз кредитке кіріп салып алдық. Қорамыз құлады. Көмектесіп, малымызды қорадан шығарды. Енді кіре алмай тұрмыз, ішін көре алмай тұрмыз. Балам су тобыққа дейін дейді. Кешеден бері кіре алмадық. Бүгін кішкене басылып тұр. Су тұра берсе, үй құлайтын шығар". Қобда ауылының тұрғыны Әсима Нұржанова

Тасқыннан зардап шеккендердің шығынын арнайы комиссия есептеуге кірісті. Шенеуніктер ертең бағалаушы компаниялармен келісімшартқа тұрып, өтемақы көлемін жеке-жеке анықтаймыз деп отыр. Бұдан бөлек, ауданда қазір бес ауылмен қатынас жоқ. Себебі жолды су шайып кеткен.

"Мен Жарық ауылында тұрмын. Қазір моторлы қайық алып келіп, арғы бетке өттік. Ауыл тұрғындарымен кездестік. Ахуал тұрақты, жарық бар, су бар. Мына жерде өзеннің іргесінен шығуға байланысты көпірі басып өтті".   Қобда ауданының әкімі Болат Құлов

Ойыл ауданында Қаратал ауылымен қатынас жоқ. Өзен арнасынан асып, жолды шайған. Екпетал ауылының тұрғындарын да түгелімен қауіпсіз жерге көшіруге тура келіпті.

"Халықтың қауіпсіздігін қамту мақсатында бүгін Екпетал ауылы тұрғындары эвакуацияланды. 105 адам қазір эвакуацияланды. Оның ішінде 50 ересек, 55 бала қауіпсіз аймақ — өзіміздің аудан орталығына әкелінді". Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев

Тасқын кесерінен үш ауылдың мектеп оқушылары сабаққа бара алмай отыр. Сондықтан оларды көктемгі каникул басталғанша қашықтан оқытуды жөн деп шешкен шенеуніктер.

"Барлығы үш мектептен 392 бала Қобда ауданында онлайн білім алуда. Олардың онлайн білім алуына ешқандай кедергі жоқ. Техника, қажет техникалық құралдары, интернет желісіне қосылу, бар жағдай жасалған".Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: