Алматыда домбырашылардың «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Наурыз мерекесі қарсаңында Түрксіб ауданында Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында домбырашылардың «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мерекелік алаңда мектердің, гимназиялардың, шығармашылық үйлердің 600 оқушысы, 70 педагог және 20 ата-ана орындаған домбыра үні күмбірледі.
Оркестрге дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Үкібай Дүйсен жетекшілік жасады. Домбырашылар Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады.
Домбыра-challenge мақсаты-жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, ойындарды ұлттық аспапта насихаттау.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript