Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер сенбі күні еліміздің сегіз өңірінде қар аралас жаңбыр жауатынын болжайды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 19:59 Сурет: pixabay
18 наурызда еліміздің сегіз облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады деп болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күннің екінші жартысында Қостанай облысының солтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күндіз облыстың басым бөлігінде 2-7 градус жылы болады. Қостанайда кешке жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы: 3-5 градус жылы. 

Алматы облысының таулы аудандарында, оңтүстігінде, тұман түседі. Облыстың шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда тұман болады деп болжанады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: