Жаңалықтар тізбегі
0

Абай ауданы тұрғындары Наурызды тойлап, науқанға қатысты

Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:35 Сурет: Абай ауданы әкімдігі
Нұршуақ шағынауданы тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Сайлауда дауыс беріп, өз таңдауын жасап шыққан нұршуақтықтар «Армысың, әз Наурыз!» атты мерелік іс-шараға белсенді түрде қатысты.

Тұрғындар дастарханға қойылған наурызкөжеден дәм татып, балалар алтабақан тепті. Тойға келген жұртшылық арқан тартысып, қол күресінен сынға түсті.

Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:35

Сурет: Абай ауданы әкімдігі

Өнерпаздардың концерттік бағдарламасы тойдың көркін қыздырды. 

Күй тарту, домбыра, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:35

Сурет: Абай ауданы әкімдігі

"Таң азанымен тұрып, учаскелік сайлауға бардық. Сайлау – маңызды шара. Біздің әрқайсымыздың даусымыз еліміздің ертеңін жарқын болашаққа бастайды. Ал жаңа партия, жаңа кандидаттардан халықтың үміті көп. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтар сайланып, Отанымыздың абыройы асқақтай берсін", - дейді ауыл белсендісі Зибагүл Қосуақ.
Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 14:35

Сурет: Абай ауданы әкімдігі

Сонымен қатар тұрғын шағынаудан халқы мерекенің өтуіне де ерекше атсалысып отырғанын, бәрі бірауыздан науқанға қатыстқанын атап өтті. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: