Жаңалықтар тізбегі
0

Қос ғасыр куәгері өз таңдауын жасады

Қос ғасыр куәгері өз таңдауын жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 17:33 Сурет: БҚО әкімдігі
Бүгін Сырым ауданы, Жетікөл ауылдық округінің тұрғыны, 109 жастағы Хамида әже өзінің өміріндегі 49-сайлауына қатысты. Қос ғасыр куәгерінің дауысын алу үшін №301 сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері Хамида әженің үйіне барды.

Хамида әже комиссия мүшелерін жақсы көңіл күймен қарсы алды.

"Сайлауға барып дауыс беру елдің бірлігін көрсететін науқан. Мен балаларыма, ағайын-туысқа хабарласып, дауыс беруге баруларын ескерттім. Қазақстан елімізді дамыту үшін үлес қосыңдар деп айтып жатырмын. Халқымыздың беделі артып, бүкіл әлемге таныла түсуін қалаймын. Бар тілеуіміз сол. Жаратқан бірлігімізден айырмасын. Ел қолдауына ие болған азаматтар үмітті ақтасын", - деді 109 жастағы Хамида Несіпова.

Өңірімізге сіңісіп кеткен Хамида апай зейнетке шыққанға дейін ауылшаруашылығы саласында жемісті еңбек етті. Жолдасы Рыс екеуі 5 ұл, 3 қыз сүйді. Олардан 11 жиен, 19 немере, 52 шөбере тарады. 100-ден астам шөпшегі бар әжей өзін бақытты жан санайды.

Жүзден асқан жасында елдің тыныштығы нағыз байлық, несібе екенін айтып, ақжаулықты әже елдің амандығы мен халықтың тұтастығы үшін өз батасын берді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: