21 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

21 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2023 15:52 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстандағы 21 наурыз күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады.

Синоптиктердің хабарлауынша, түнде оңтүстікте қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Республикада тұман болады. Батыста, оңтүстік жартысында жел күшейеді. Күндіз батыста шаңды дауыл, республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен екпіні секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы -16-18°С, күндіз -1-3°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +9+11°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: