Қазақстанның басым бөлігінде 27 мамырда күн ашық болады

Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 17:50 Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың оңтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал республиканың қалған бөлігінде солтүстік антициклонның ықпалымен күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста – шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман болжанды.

Атырау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде  төтенше өрт қаупі болжанды, Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +21+23°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: