Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер 27 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігін тұман басады деп болжады

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр,тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 15:09 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігінде, орталығында ғана жаңбыр жауады. Елімізде түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және солтүстікте екпінді жел соғады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстіктен жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +17+19°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +21+23°С.

Шымкентте – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +26+28°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: