Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейлік ғарышкер Қазақстан халқын Жер орбитасынан құттықтады

ғарышкер Сурет: видео скрині
Ғарышкер Дмитрий Петелин Қазақстан халқын Жер орбитасынан Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz "Костанайские новостиге" сілтеме жасап.

Ресейлік ғарышкер құттықтауын орысша және қазақша айтқан.

"Құрметті қазақстандықтар, әсіресе қостанайлықтар, жерлестер! Сіздердің мерекелеріңіз құтты болсын! Өздеріңізді сақтаңыз. Мен Ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сізге айтқым келеді - бір-біріңізге ренжімеңіз, бекер ашуланбаңыз. Біздің планетамыз үлкен және өте әдемі - орбитадан мұндай әдемі Жерде қиындықтар болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен және жарқын мереке - сізге бақыт! Қиындықтарға жоғарыдан қараңыз, күннің батуы мен таңның атуын қуана қарсы алыңыз, әр күннен ләззат алыңыз және мынаны біліңіз, өмір тамаша!, - деді ол құттықтауында.

Дмитрий Петелин 1983 жылы 10 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қостанайдағы техникалық-экономикалық мектеп-лицейін бітірген.

Ол 2012 жылы "Роскосмос" ғарышкерлер отрядының іріктеуінен өткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: