Жаңалықтар тізбегі
0

Желі қолданушылары құдықтан 1 жасар қызды құтқарған ақтөбелікті марапаттауды сұрап отыр

құдыққа құлап кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2023 17:17 Сурет: mgorod.kz
Ақтөбе облысында 1 жасар қыз төрт метрлік құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Оқиға 21 наурызда Мәртөк ауданындағы Жайсаң ауылында болған. Бір жасар қыз өз ауласындағы құдыққа құлап кеткен. Ауылға орталық су құбыры тартылғанша тұрғындар осы құдықтан су алып жүрген.

Шұңқыр жабық тұрған, бірақ саңылау пайда болған, cалдарынан бала оған құлап кеткен.
"Қызым екі метрге құлап кеткен. Ол кезде жұбайым мен қайынатам аулада еді. Қайынатам оны өзі шығарып алмақ болған, бірақ ол тереңге түсіп кеткен. Әйелім хабарласты, мен дереу жеттім, досым Даниярды шақырдым. Бар шаруасын тастап, Жайсаңға келді", - дейді кішкентай Мәдина Медеттің әкесі.
Данияр төрт метр тереңдіктегі құдыққа өзі түскен. Кішкентай қызды шығару оңай болмапты. Данияр оны күртешесінен сүйреп алмақ болғанда, қыздың күртешесі шешіліп қалған, ал баланы шығарып ала алмаған.

Кейін ол жерді қолымен тырмауға мәжбүр болған. Біраз уақыттан кейін ол қызды көтеріп үлгерген.
"Құтқарушылар келгенде баланы алып шығып үлгерген. Даниярға алғысымыз шексіз. Оның да кішкентай баласы бар. Балаға жақында Санкт-Петербургте операция жасалды. Данияр жұмыссыз, баспанасы жоқ. Біз бүкіл әлем оған ұлын емдеуге көмектестік. Енді қызымызды аман алып қалды", - дейді Мәдинаның әкесі Медет Қарақұлов. 
Осы оқиғадан соң Медеттің ауласындағы құдық бірден қоршалыпты. Қазір қыздың жағдайы жақсы.

Желі қолданушылары Данияр Мадияровты марапаттауды сұрап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: