Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада 17 жылға сотталған ер адам түрмеде некесін қидырды

Қызылордада 17 жылға сотталған жігіт түрмеде некесін қидырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2023 09:46 Сурет: astanatv
Қызылордада қарақшылық және адам өлтіру бабы бойынша 17 жылға сотталған ер адам отбасын құрды. Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатыр, ол 4 жыл бойы қалыңдығымен байланысын үзбеген. Енді олардың некесі қиылды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Үйленіп некемді қиып жатырмын. Заңды куәлікті табыстап жатыр. 2016-дан бері, бостандықтан танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуіміз некемізді қиып, үйленуге бел будық, Алланың қалауымен үйлендік".  Жазасын өтеуші

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Былтыр 31 азамат некесін заңдастырған. Мұндай бастама сотталушыларға жақсы әсер етеді дейді департамент бастығы.

"Әрі қарай бақытты болып, балалы-шағалы болып жатқан сотталған азаматтарымыз да бар. Бойдақ сотталған азаматтарымыз отбасылы болғаннан кейін, өмірге бала келгеннен кейін өмірге деген көзқарасы өзгереді, балаға деген. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам, осы жерде тәртіп бұзбасам бостандыққа мезгілінен шартты түрде босау сияқты әрекеттерге барады".Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: