Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрлігі елде қанша көлікті заңдастырды

Ішкі істер министрлігі елде қанша көлікті заңдастырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2023 14:00 Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 23 қаңтардан бастап елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 23 қаңтар мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды, оның ішінде 67%-ы (46 592) Ресей Федерациясынан, 19%-ы (13 424) Армениядан, шамамен 10%-ы (6 788) Қырғызстаннан, шамамен 2%-ы (1 296) Грузиядан әкелінген.

Сонымен қатар қазір Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын үкімет қаулысының жобасын әзірледі

"Аталған жоба жария талқылаудан өтті, қазір біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін үкіметке енгіземіз. Өтініштер барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электрон сервис арқылы қабылданады. Соымен қатар азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді", - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Заңдастырудың негізгі критерийлеріне көлік құралының сәйкестігін алдын ала тексеру процесі толық автоматтандырылған (қылмыстық есеп, кедендік база және басқа да ақпараттық жүйелер).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: