Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстанда макарон өнімдерінің бағасы шамамен 40% арзандады

Макарон өнімдері арзандады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2023 11:56 Сурет: unsplash
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2-3 үлестес делдал арқылы өндірушіден тікелей сауда субъектілеріне макарон өнімдерін өткізуде шектен тыс делдалдық фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл, ҚМА-да атап өтілгендей, өнімнің түпкілікті өзіндік құнының өсуіне әсер етті. Ведомствоның бастамасы бойынша уәкілетті орган өндірушіге оның іс-әрекетінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді.


"Дүкендер мен супермаркеттер желісінде бұл өндірушінің макарон өнімдерінің бағасы 490 теңгеден 355 теңгеге дейін төмендеді. Төмендеу 40 пайызға жуықтады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда". ҚР АФМ баспасөз қызметі

Бүгінгі күні өндіруші хабарламаны толығымен орындады. Бірлескен алдын алу жұмыстарының арқасында негізсіз делдалдарды жойып, өнімді тікелей облыс кәсіпкерлеріне жеткізу нәтижесіне қол жеткізілді.

2023 жылдың 17 наурызында Атырауда сары майдың бағасы шамамен 40 пайызға арзандағаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: