"Жүрегің қанжылайды". Блогер суалып бара жатқан "қарт Каспийді" көрсетті
Сурет: pexels
Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 31 наурызда Instagram-дағы парақшасында Каспий теңізінің қазіргі қал-күйін сипаттайтын видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Блогер "Каспий теңізі суалып барады" деп жазды.
"Әлемдегі ең қорқынышты сезімнің бірі – айналаңдағы таныс тамаша дүниенің жоғалып, көңіл құлазытатын естелікке айналуы", – деп жазды блогер.
Видео астына көптеп пікірлер қалдырылған. Олардың бір парасы былай болып келеді:
- Жүрегің қанжылайды екен.
- Өкінішке қарай, осының барлығы адамдардың ісі.
- Табиғат құрыды деген сөз адамзат та құриды деген сөз.
- Аянышты екен.
- Теңіз түбі көрінейін деп қалыпты...
Каспий теңізі неге таязданып бара жатқанын Экология министрлігі 11 қаңтарда түсіндірген болатын. Экология белсенділері 2023 жылы Каспий теңізінің суалуы рекордтық деңгейді қамтиды деп дабыл қағады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript