Алдағы үш күнде Қазақстанда қатты жел соғады

Алдағы үш күнде Қазақстанда қатты жел соғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 16:38 Сурет: pixabay
Синоптиктер 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жерорта теңізінен соққан циклон Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарына жаңбыр әкеледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болжанды.

5 және 6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жаууы мүмкін.

6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Ел аумағында ауа температурасының көтерілуі немесе төмендеуі болжанбады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: