Жаңалықтар тізбегі
0

Ғиният: Салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі – 23,2%

Ғиният: Салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі – 23,2%, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 14:47 Сурет: pexels
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 30%-ға дейін артады деп болжанғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр үкімет отырысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 23,2% болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол коронавирус пандемиясы кезінде салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бюджет 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге қысқарғанын (2,5 млрд.теңге) және бүгінде 512 млн теңге болғанын қоса кетті.

"Бұл салауатты өмір салтының іс-шараларын іске асырудың 10 есеге төмендеуіне және халықтың хабардар болуының 2019 жылғы 67%-дан 2022 жылы 12%-ға дейін төмендеуіне әкелді. Халықтың салауатты өмір салтының дағдылары туралы хабардар болуын арттыру, инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Онда салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін ұлғайту және бұқаралық спортты дамыту, оның ішінде темекі өнімін, алкогольді, семіздікті және т. б. тұтынуды азайту жөніндегі шаралар бойынша жеке бағыт қабылданды".Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

 2023 жылы халық арасында салауатты өмір салты бойынша 1,4 миллионнан астам іс-шара өткізілмек (2022 жылы - 1,3 млн.). Оған қоса инфекциялық емес ауруларды азайту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "Саламатты қалалар", "Саламатты мектептер", "Саламатты университеттерә жобаларын енгізу жалғаспақ.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық жол картасы әзірленді, ол мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтіп жатыр.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 30%-ға дейін артады деп болжанды". Ажар Ғиният
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: