Жаңалықтар тізбегі
0

Бардағы әңгіме: пилоттар дрифттен алдағы Қазақстан чемпионаты туралы әңгімеледі

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:34 Сурет: parimatch.kz
Өткен сенбіде Алматыдағы William Lawson`s 13 The Bar атты барда дрифт пилоттарының журналистермен және блогерлермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2023 жылғы дрифттен Қазақстан чемпионаты, жоспарлар, жеке тәжірибе және Gorilla Energy TruCrew командасының жігіттері мен Parimatch халықаралық беттинг-компаниясы арасындағы серіктестігі талқыланды. Шараның өту барысын осы мақалада тарқатамыз.

Бардағы бейресми атмосфера кездесуге қолайлы жағдай жасады десек артық емес, кеш қызықты әрі өте мазмұнды өтті. Қатысушылардың барлығы қызықты сұрақтар қойып, қолтаңба алды және әртүрлі командалардың пилоттарымен жеке сұқбаттасуға мүмкіндік алды. Осындай ерекше кездесуді ұйымдастыру арқылы ұйымдастырушылар 2023 жылғы Қазақстан чемпионатының жақын арада басталатынын және өткен жылдардың чемпионы Gorilla Energy TruCrew командасы мен Parimatch беттинг-компаниясы арасындағы серіктестіктің орнатылғандығын жариялауды ұйғарды.

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:34

Сурет: parimatch.kz

"Біздің көліктер тиісті деңгейде дайындалған, сондықтан бізде айтарлықтай үлкен өзгертулер болған жоқ, бірақ, әрине, әртүрлі ұсақ-түйек жұмыстар бар. Дегенмен, чемпионатты ұйымдастыруда айтулы өзгерістер орын алғаны мәлім: PRO-лига Street-лигадан бөлініп шықты, бұл шараның барысын өзгеріске ұшырататыны сөзсіз. Енді жұптық жарыста «стриттердің» қалай ашылатынын тағатсыздана күтемін. Сондықтан біз биылғы маусымда легионерлерден де, «стриттен» PRO санатына ауысқандардың қатарынан да жаңа қарсыластарды және жоғары деңгейдегі сапалы жарысты күтеміз", - деп Gorilla Energy TruCrew командасының дрифт-пилоты Антон Авдеев өз ойымен бөлісті.
Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:34

Сурет: parimatch.kz

Еске салайық, Чемпионат 16 сәуірде басталып, қазан айына дейін Сокол СТК автодромында өтеді. Биылғы маусымда қатысушылар 5 кезеңнен өтуі керек, оның 2-уі түнде өтеді. Қанша дөңгелек сырылатынын болжау ғана қалды, дегенмен соңғы кездесудің өзінде жарыс адреналинін сезінуге мүмкіндік болғаны анық. Parimatch ұйымдастырған белсенді шаралар да эмоцияларды шығаруға тамаша себеп болды – күш өлшегіші, радиомен басқарылатын көліктердің дрифт жарысы, киккер, корнхол және т.б. Кеш жалпы көңілді, дрифт концепциясына сәйкес өтті деуге болады. Бұл туралы дрифтингтен Қазақстанның қазіргі чемпионы Александр Бочкарев өз ойын былай жеткізді:

 «Дрифт – бұл ең алдымен шоу, содан кейін спорт. Сондықтан, мен трассаға шыққан сайын процестен ләззат алып, жанкүйерлерге эмоциямды жеткіземін. Осындай энергия алмасу көптеген шабандоздарды алға ұмтылуға және жеңіске жетуге итермелейтін отын секілді. Көп нәрсе сенің эмоционалдық жағдайыңа да байланысты. Барыңмен шығып, дағдыларыңды жетілдіруің қажет және осы процесс барысында жаттығу керек, бастысы қызығушылықтың болуы маңызды. Сосын тәжірибелі жүргізушілерден кеңес сұраудан ұялмаған абзал».

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:34

Сурет: parimatch.kz

Gorilla Drift-тің серіктесі Parimatch алдағы чемпионатқа нағыз спорттық дайындықпен келмекші – бренд командасы өзінің жаңа серіктестері Gorilla Energy TruCrew-тің кезекті жеңісіне сенеді және мәре сызығына дейін жігіттерге жан-жақты көмектесуге ниетті.

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 15:34

Сурет: parimatch.kz

"TruCrew командасымен ынтымақтастық құру туралы шешім тез қабылданды. Жігіттердің сенімді және жалынды стилі бізге өте жақын, олар трассаны жақсы сезінеді, жоғары пилотажды көрсете алатыны белгілі және әрқашан позитивте жүреді. Біздің құндылықтарымызға ортақ, спорт үшін «ішкен асын жерге қоятын», үнемі қозғалыста болатын серіктестерді табу өте маңызды. Қос лиганың алдағы 5 кезеңіне біздің нақты жоспарларымыз бар және біз бұл Чемпионат барлық рекордтарды жаңартып, жанкүйерлерге ұмытылмас эмоциялар сыйлайтынына 100% сенімдіміз", - деп Parimatch Қазақстан брендінің маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева беттинг-компанияның ұстанымын жеткізді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: