Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

найзағай, жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 22:30 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері республиканың 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: