Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның ірі қалаларында қолайсыз ауа райы болжанды

Қазақстанның ірі қалаларында қолайсыз ауа райы болжанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 09:27 Сурет: unsplash
Синоптиктер 6 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз ауа райы болжанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қалалардағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Республиканың басқа қалаларында қолайлы ауа райы сақталады.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа-райында ұсынылатын әрекеттер:

  • ашық ауада, әсіресе тас жолдардың немесе басқа ластаушы көздің жанында жүруді қысқарту. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
  • созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергия ауруларымен ауыратын адамдар сыртта өзімен бірге қажет дәрі-дәрмек ала жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу. Дене шынықтыру мен спорт жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде күрт суытып, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: