18 ақпанда Қазақстанның қай қалаларында қолайсыз ауа райы болжанды

18 ақпанда Қазақстанның қай қалаларында қолайсыз ауа райы болжанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2024 10:21 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктердің болжауынша, Петропавл, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа ластанып, ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Бұған дейін Қазақстанның бірқатар аймағында жел мен аязға байланысты дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: