Петропавл мектебінде балтамен шабуыл жасаған балаға қатысты жаңа деректер белгілі болды

мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 01:28 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сыныптастарына балтамен шабуылдаған мектеп оқушысы туралы жантүршігерлік жай-жапсарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпанда қадағалау органы жасөспірімнің психиатриялық бақылауда екенін растады. Бірақ енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтірмек болғаны белгілі болды. "Сол себепті ол үш ай сабақтан қалып қойған, бірақ мұғалімдер бұған мән бермеген" дейді прокурорлар.

"Бұл бала 2021 жылы оғаш мінез-құлық көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді. Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар

Облыстық прокуратурада өткен жиында ұстаздар бала шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты.

2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы мектептердің біріне 9-сынып оқушысы  балта мен пышақ алып барып, үш оқушыны жарақаттады.

Кейін баланың 15 жаста екені, оның психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: