Атырау облысындағы отбасының өлімі: жаңа деректер белгілі болды

Атырау облысындағы отбасының өлімі: жаңа деректер белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 19:44 Сурет: YouTube/mvdkontent
Атырау облысының прокуратурасы Жангелдин ауылында болған отбасының өліміне қатысты тергеудің жаңа деректерін хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

Қадағалаушы органның мәліметінше, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке кешенді сот-психологиялық және сот-психиатриялық сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта оның қорытындысы әлі белгілі болған жоқ.

Сонымен қатар оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева Алматыдағы сот сараптамасы институтына стационарлық кешенді сот-психологиялық сараптамадан өту үшін жіберілген. Мамандардың қорытындысы әзірше дайын емес.

"Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бұл кезеңінде Мұқанғалиеваның әрекеттеріне құқықтық баға берілген жоқ, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Тергеудің өзге де деректері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – деп атап өтті прокуратура.

Сонымен бірге қадағалаушы орган істің барлық мән-жайы анықталып, тағайындалған сараптама нәтижелері алынғаннан кейін күдіктілердің әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: