Алматы әуежайының жаңа терминалы мерзімінен бұрын ашылуы мүмкін
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылдың мамыр немесе маусым айларында ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы 7 сәуірде әуежайдың басшысы Альп Ер Тунга Ерсой мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қазір жаңа терминал 53% дайын. Құрылыс жалғасып жатыр.
"Жаңа терминал 2024 жылдың жазына дейін ашылады деп жоспарлап отырмыз. Бірақ біз оның 2024 жылдың мамыр немесе маусым айларында ашылғанын қалаймыз", - деді Альп Ер Тунга Ерсой.
Бұған дейін жаңа терминал 2024 жылдың тамыз айында ашылатыны хабарланған еді. Терминалды қазақтың ұлттық нақышында безендіру жоспарланған. Сонымен қатар VIP аймағы фудкортты жақсарту жоспарда.
Осыған дейін Алматыдан жаңа халықаралық рейстер ашылатынын хабарлаған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript