8-10 сәуірде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Астана
8 сәуірде көшпелі бұлтты болады. Түннің бірінші жартысында аздаған қар, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.
9 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 8-10 жылы.
10 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 11-13 жылы.
Алматы
8 сәуірде көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады деп болжанды. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 17-19 жылы.
9 сәуір бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 13-15 жылы.
10 сәуірде көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соққан жел 3-8, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 жылы.
Шымкент
8 сәуірде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 жылы.
9 сәуірде көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 21-23 жылы.
10 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 13-15 жылы.
Бұған дейін синоптиктер 8-10 сәуірдегі Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынған еді: батыста және оңтүстік-шығыста аяз болады, солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, қар жауады.