Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзенде баланы ит талап, тұрғындар наразылыққа шықты

ит, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 22:33 Сурет: pixabay
Жаңаөзенде төрт жасар баланы ит талап тастады. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында. Осы жағдайдан кейін Жаңаөзен тұрғындары жаппай наразылыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, Рахат ауылының тұрғыны Хамза Ибрахим қазір облыстық ауруханада жатыр. Иесіз ит оның бетін жарақаттап, денесінен тістеген. Дәрігерлердің сөзінше, қазір баланың жырылған жерлері тігілген, жағдайы орташа.
"Баланың жағдайы жарақатына байланысты орташа ауыр. Оң жақ көз айналысында, оң жақ бет ауыз айналысында тігілген жаралары бар. Алғашқы көмек Жаңаөзенде көрсетілген. Негізгі емдеуі сметавакцина салынып, сосын бет, қол, аяқ саусақтары жарақаттанған кезде, ит тістеген сәтте иммуноглобулин салынады". Маңғыстау облысы балалар ауруханасының дәрігері Манасбай Иниятов
Итке таланған бала ауруханада әлі бір апта жатады. Одан кейін амбулаторлық емдеуге жіберіледі.

Осыған дейін Жаңаөзенде тағы бір ересек тұрғынды көшеде ит талап, басын тістелеп тастаған. Қазір ол да ауруханада емделіп жатыр. Қала тұрғындары осындай жағдайлардың жиілеуіне қала тұрғындары алаңдап отыр. Олар иесіз иттердің көзін құртуды талап етіп, әкімдікке жиналды. Себебі жиналғандар көшеде жалғыз жүруден қорқып қалдық деп отыр. Кейінгі уақытта иттен қорғану үшін сойыл ұстап жүретін болған.
"Балаларды талау басталды деп айтуға болады. Қой баққан қойшыдай қалада жүргендер қолына таяқ ұстап жүр. Қалада ерсі көрініс. Балалар өз ауласы түгілі, көшеде жүруді, одан қалды мектепке барудан қалып отыр. Ит атуға болмайды деген заңды шығарып отырған үлкен басшылар, біз, Жаңаөзен халқы, еріктілері бар, жай халқы бар, өзіміз қолымызға мылтық алып, ит атуға шығамыз!". Жаңаөзен тұрғыны Амангүл Жұмағазиева
Жаңаөзендіктер "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңның күшін жоюды талап етіп отыр. Өйткені соның кесірінен қалада иесіз иттер қаптап кеткен көрінеді. Соның салдарынан ата-аналар "Баламызды мектепке жалғыз жіберуге қорқамыз" дейді.

Былтыр Жаңаөзенде 210 адамды ит талаған. Ал жыл басынан бері 64 тұрғынды қапқан. 
"2022 жылдың қортындысы бойынша 1 115 ит ауланса, бүгінде 1 181 ит ауладық. Бұл шараның барлығы жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға сәйкес жүзеге асырылып жатыр, яғни адамның қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда ғана тұрғындардың өтініші негізінде жүзеге асырылады. Панажай мәселесі бойынша 2022 жылы Жаңаөзен кәсіпкеріне бір гектар жер бөлдік". Жаңаөзен кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Расул Әбішев
Жаңаөзенде иесіз ит-мысыққа арналған орынның құрылысы енді басталған. Оны кәсіпкер өз қаржысына салады. Нысан жыл аяғына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр. 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: