Жаңалықтар тізбегі
0

"Дүдамал күйде жүруді доғарыңыз". 8 сәуірге арналған жұлдыз жорамал

Жұлдыз жорамал, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2023 15:27 Сурет: pexels
Астрологтар сенбіде жұмыс күндері айналыса алатын шаруаларды ысырып қоюға кеңес береді. Оның орнына бүгінгі бар уақытты өзіңізге арнап, достарыңызбен кездесіп, көңіл көтергеніңіз жөн деседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқты

Даму, негізінен, қиын емес. Дегенмен, Тоқтыға қарсыласу арқылы азапты күндер ұзара беретінін еске саламыз. Ғалам қасарысудан бас тартуға және өмір энергиясының ағынымен біртұтас болуға шақырып жатқанын сезінуге назар аудартады. Ескі жараны тырмаламай, іштегіні босатыңыз және "қайта жүктеу түймешесін" басыңыз. Өзіңіз үшін түбегейлі өзгерістерден қорықпаңыз. Сонда даму болады.

Кеңес: өміріңізге қатысты жаңа жоспарлар құруды бастайтын нағыз шақ 

Торпақ

Сіздің ойдағыны нақты іске айналдыра білу қабілетіңіз – бүгін керек-ақ. Өзіңізді ең жақсы кейіпкер нұсқасында көрсетуге дайынсыз. Сіз жамандықты даналыққа, ал жүректегі жараны алып күшке айналдыруға дайынсыз. Дегенмен, келесі үлкен қадамды жасамас бұрын күш-қайратыңызды қайрайтын дүние керек болатынын ұмытпаңыз.

Кеңес: көшбасшылық қабілеттеріңізді көрсететін кез келді

Егіздер

Дүдамал күйде жүруді доғарыңыз. "Қалай" және "неге" деген бітпейтін санадағы сұрақтарды ұмытыңыз. Оның орнына ішкі түйсігіңізге арқа сүйеп, тәуекелге барыңыз. Бүгін қабылдаған шешімдеріңіз үшін еш өкінбейсіз.

Кеңес: жайлылық аймағынан шығатын кез келді.

Шаяндар

Бүгін өмірдегі барыңызға және алда болатын барлық нәрсеге ризасыз. Сіздің ішкі радиожиіліктеріңіз ғажайыптар тудыратын магнит секілді әрекет етеді. Егер ғалам өзіңіз ойлағаннан да көп нәрсемен жарылқағысы келсе ше? Өмірден ләззат алуға өз-өзіңізге мүмкіндік беріңіз.

Кеңес: демалыңыз және тағдыр тартуларын қабыл алыңыз.

Арыстандар

Бүгін жұлдыздар Сізге дұрыстап демалуға кеңес береді. Сүйікті істеріңізбен айналысыңыз. Кешкі ас дайындап, достарыңызды қонаққа шақырыңыз. Мәдени іс-шараларға қатысыңыз, кітап оқуға бірнеше сағат бөліңіз немесе қалада серуендеп қайтқан да жөн. Алдағы айларда өз-өзіңізге деген қарым-қатынасыңыз өзгереді!

Кеңес: бұл күнді өзіңізге арнаңыз.

Бикештер

Бір дағдарыстан соң тағы бірін талмай еңсеріп келесіз, олардың арасында үзіліс те жоқ. Өзіңізге жақсылық жасап, қобалжуды доғарыңыз. Еңсеңізді басып тұрған мәселелерден алшақтап, бір сәте басқа тыныштық беріңіз. Ғалам сізге ең жақсысын тілейді. Әр кезеңде сізге қажет көмек пен ресурстар дайын тұрады, бұл өмірлік тәжірибеңізде өз пайдасын береді.

Кеңес: Еңсеңізді басып тұрған мәселелерден алшақтап, басқа тыныштық беріңіз.

Таразы

"Шындықтан қашу" деген не? Осы уақыт ішінде неден қашып құтыла алдыңыз? Сондықтан Сізге аптығыңызды басып, кідіруге және әдетке айналған тіршілік механизміне назар аударуға кеңес беріледі. 

Кеңес: Өміріңізді махаббатқа, қамқорлыққа бөлейтін уақыт келді.

Сарышаян

Қалаған нәрсеге ұмтылыс соғыс сияқты қиян-кескі болмауы тиіс. Демалыңыз, сананы сан түрлі ойдан босатыңыз. Барлық қажетті көмек пен ресурстар керек кезде пайда болады. Сонымен қатар, бүгін сіздің алдыңызда жаңа мүмкіндіктің есігі ашылуы ықтимал. 

Кеңес: Мақсатқа ұмтылғыш қасиетіңіз бүгін супер күшке айналады.

Мерген

Жүрегіңізді қорқыныштың жайлап алуына жол бермеңіз. Сіздің міндетіңіз - батылдық таныту әрі одан сайын дами түсуге итермелейтін тәуекелдерге бас тігу. Одан кейін кейбір оқиғалар сіз ойлағаннан әлдеқайда жақсы болуы мүмкін.

Кеңес: қорқыныштың бойыңызды билеп алуына жол бермеңіз.

Тау ешкі

"Доқ" дегеннен гөрі "иә" дегенді көп айтатын ай келді, өйткені өмір Сізге қызықты нәрселерді ұсынады. Сәуірде махаббат, құмарлық және тілек порталы іске қосылады. Егер бойдақ болсаңыз, онда ескірген сценарийден бас тартыңыз.

Кеңес: жаңа шытырман оқиғаларға дайындала беріңіз. 

Суқұйғыштар

Бүгін жұлдыздар өз жауапкершілігіңізден сабақ алуға кеңес береді. Айналсоқтап, жақындарыңыздың ойындағысын сырттай білуге тырысудың орнына, олармен тікелей сөйлесіңіз. Сонымен қатар, олардың ұстанымын қабылдауға дайын болыңыз. Әңгімелесу алға жылжуды айқындайды.

Кеңес: Өз қалауыңызды ашық айтудан қорықпаңыз.

Балықтар

Айналаңызда қолайлы орта қалыптастыруға тырысыңыз. Бұл Сізді тепе-теңдікке жетелейді және өзгелердің өзіңізбен үйлесімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Үйді жинастырыңыз, заттарды ретке келтіріңіз, керек емес заттарды қоқысқа тастаңыз. Өмірде жаңа нәрсеге орын беріңіз!

Кеңес: Айналаңыздағы кеңістікті тазартатын уақыт келді.

Дерек көз: "Пятый канал"

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: