Жаңалықтар тізбегі
0

Жексенбіде еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел соғып, найзағай ойнайтыны болжанады

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2023 16:56 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, қатты жел және жауын-шашын болады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан территориясы бойынша ауа райының синоптикалық ахуалы мен қауіпті құбылыстарының 9 сәуірге арналған болжамы:

Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райының сипаты күтіледі, еліміздің оңтүстік-батысында, шығысында, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аудандарында кейде қатты жауын-шашын болады. Еліміздің тек солтүстігі, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша қатты жел тұрады деп болжанады, еліміздің солтүстігінде, шығысында – тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.

Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде орталықта, күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. 

Түнде еліміздің солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. 

Қазақстан территориясы бойынша қолайсыз ауа райына байланысты 9 сәуірге арналған ескерту:

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігі мен батысында тұман болады. Облыстың солтүстігі мен батысында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады деп болжанады. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде күндіз, ал облыстың орталығында түнде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығысында және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Түркістан облысының таулы аудандарында да найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде және орталығында  солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

9 сәуірде түнде Ақтөбе облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады, 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: