Атырауда ірі көлемде "синтектика" сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды

есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 22:40 Сурет: Zakon.kz
Атыраулық полицейлер ірі көлемде "синтектика" сақтаған Шығыс Қазақстан облысы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Атырау аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығумен айналысып жүрген ШҚО-ның 1990 жылы туған тұрғынын ұстады.

Тергеу жұмыстары нәтижесінде 86,9 гр альфа-PVP және 207,91 гр мефедрон анықталып, медициналық сараптама қорытындысымен ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екені белгілі болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергер тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: