Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Түркістан облысының тауында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.
Ұлытау облысында шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с, найзағай кезінде кей уақытта 25 м/с.
Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.