Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ақтөбе облысында тұман болады.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 4 градус үсік болады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні - 23 м/с.
Шымкентте кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.