Алматыда жолды кесіп өтпек болған жасөспірім мерт болды: ал туыстары жүргізушіні ұрып-соққан

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 01:42 Cурет: Zakon.kz
Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Немирович-Данченко көшелерінің қиылысында 2007 жылы туған жасөспірім жолды кесіп өтпек болып, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hyundai Accent көлігі Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізушінің айтуынша, жаңбырдың салдарынан жол дұрыс көрінбеген.

Жолдан бір жігіт жүгіріп шыққан. Жүргізуші жаяу жүргіншіні кеш байқап қалып, көлікті тоқтатып үлгермей, бар жылдамдығымен жігітті қағып кеткен. 

Ол қатты соққыдан бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен. 2007 жылы туған жасөспірім алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Марқұмның туыстары оқиға орнына барып, жүргізушіні ұрып-соғып, темірмен оның көлігін бүлдірген.

Оларды полицейлер ажыратқан.

Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: