Әскери техника колонналары: әскерилер халықты дүрлікпеуге шақырды
Сурет: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігіне қарасты Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі үндеу жасап, әскери техника колонналары жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әскери институттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоспарлы практикалық сабақтар өткізу үшін 11 сәуір күні институт курсанттары мен әскери техника колонналары Алматы қаласынан Қарағанды облысында орналасқан "Сарышаған" полигонына бет алды.
"Оқу-жаттығу аяқталған соң жеке құрам мен әскери техника тұрғылықты мекенжайына қайтарылады". РЭжБӘИИ баспасөз қызметі
"Түсіністік танытуларыңызды және негізсіз ақпаратқа жол бермеуді сұраймыз" – , делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript