Жаңалықтар тізбегі
0

Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орнында курсанттар әскери ант қабылдады

Ант қабылдау, Алматы, курсанттар, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2023 16:33 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында бірінші курс курсанттары Отанына адал болуға ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты рәсімге жоғары оқу орындарының оқытушылары, Қарулы күштердің ардагерлері, бірінші курс курсанттарының туыстары мен жақындары қатысты. 

Курсанттарды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Даутов құттықтады. Ол Қазақстан халқына, оның заңды сайланған Президенті мен Конституцияға адал болуға салтанатты ант беру арқылы Отан қорғаушы атағын мақтанышпен алып жүретініне сенім білдірді.

Биыл әскери институтқа 187 курсант оқуға түсіп отыр. Оның ішінде жауынгерлік даярлық пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен 5 әскери қызметші "Срочники 2.0" бағдарламасы бойынша қабылданғанын айта кету керек.

Саналы түрде өз тағдырын әскери мамандықпен байланыстырған жастар алғашқы күннен әскери өнерді мұқият игеруге ұмтылуда.


"Радиотехникалық әскерлер факультетінде оқып, сұранысқа ие мамандық аламын деп білемін. Әскери ант беру Отанға қызмет етудің қасиетті міндеті бекітілген Конституция күнін мерекелеумен тұспа-тұс келді", – дейді Қарағанды қаласынан келген курсант Елдар Сағымбек.

Әскери институт әскерлерде және педагогикалық қызметте үлкен тәжірибесі бар профессорлық-оқытушылар құрамымен жасақталған. Оқу аудиториялары мен зертханалары радиотехникалық стендтермен, компьютерлік техникамен, тренажерлармен және тренажер кешендерімен жабдықталған. ЖОО-да мәдени-демалыс және спорттық-бұқаралық жұмыстарды жүргізу үшін тамаша жағдайлар жасалған.

Іс-шара институттың  әскери оркестрінің дефилесімен және бірінші курс курсанттарының салтанатты шеруімен аяқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: