Астанада митингіге шыққан жұмысшылар Маңғыстауға қайтып жатыр
Сондай-ақ олар бұл мәселені Маңғыстауда ҚазМұнайГаз өкілдерімен бірге комиссия құрып, шешетіндерін айтты.
Мұнайшылардың көшбасшылары Жаңаөзендегі қолдаушыларын заңсыз әрекетке бармауға және үйлеріне қайтуға шақырды.
"Бәрі жақсы. Маңғыстау халқы, біз аманбыз. Таңертең пойызбен жігіттер кетеді. Біз қалып министрлік өкілдерімен, "ҚазМұнайГаз" өкілдерімен шаруаларды шешіп, хаттамаларды толтырып, нақты хаттамамен жұмыс істейміз. Жаңаөзен халқына рақмет". "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының өкілі Нұрсұлтан Нұрымұлы
Еске салайық, бұған дейін полиция департаменті Жаңаөзеннен Астанаға барып, талаптарын айтып жатқан мұнай компаниясы жұмысшыларының митингісіне қатысты пікір білдірді.
Жаңаөзен әкімі қаладағы алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады.
Оның сөзінше, әкімдік тұрақты негізде қала аумағында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Ал кейінірек ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында кәсіпорындар жұмысын қайта бастағанын хабарлады.