Жаңалықтар тізбегі
0

Parimatch PRO HOCKEY Ligasy - 2023 финалының бесінші матчына хоккей сарапшысының болжамы

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 17:30 Сурет: parimatch.kz
Бүгін кешке Ташкенттегі мұз айдынында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалистері – "Хумо" және "Номад"кезекті қарсыластықта бас қосады.

Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев алдағы ойын кездесуіне өз болжамымен бөлісті.

"Хумо" - "Номад"

Екі астананың "дербиінде" астаналық "Номад" қарқын алып, соңғы ойында тоқтамақ емес. "Көшпенділерге" жеңіс жолындағы соңғы қадамын жасау қалды.

Төрт матч өткізіліп, "Номад" финалда 3-1 есебімен көш бастап келеді. Ташкенттегі тең ойыннан кейін серия Астанаға ауысты, онда жанкүйерлер үлкен шайқастың куәгері болды. Үш овертаймнан тұратын "көшпенділердің" алғашқы үй ойыны шамамен 106 минутқа созылды. Жеңіс шайбасының авторы "Номадтың" шабуылшысы Батырлан Мұратов болды.

"Хумо", шамасы, жас командадан мұндай қарқынды ойынды күтпеді және өз ұстанымдарынан айырыла бастады. Келесі матчта Ташкент клубы қарсыластың қақпасын басып ала алмады. Ойын кездесуі 2:0 есебімен аяқталды, ал "Номад" қақпашысы Андрей Шутов өз есебіне тағы бір шатаутты қосып қойды.

Бүгін серия тағы да Ташкентке ауысты. Әрине, "Хумо" "өзінің мұз алаңы мен туған жерінен күш алады" деген сөзді ұстанады. Бірақ жоғары жылдамдықты, техникасы бар хоккейді көрсетіп отырған, сондай-ақ мықты қорғанысы бар "көшпенділермен" өтетін ойын жағдайында мұз иелеріне сеніп отырған ұстанымдарының көмектесуі екіталай болып көрінеді.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан Чемпионатының соңғы серияның нүктесі бүгін қойылады және мұны елордалық "Номад" жасайды.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Хумо" - 2.26, Тең ойын - 3.75, "Номад" - 2.55


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: