Жаңалықтар тізбегі
0

Адамның басы табылған пакет: куәгерлер көрген-білгенін айтып берді

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 01:21 Сурет: Zakon.kz
12 сәуірде Алматы базарларының бірінде болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Куәгерлер пакетті тастап кеткен күдікті ер адам туралы айтып, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Маска таққан бейтаныс ер кісіі адамның басы салынған пакетті базарға тастап кеткен. Шұжық дүкенінің сатушылары затын ұмытты екен деп, ер адамның соңынан сыртқа шықса, ол ізім-ғайым жоғалған.

Пакеттің ішіндегі басты көрген саудагерлер бірден полиция шақыртқан. Ал марқұмның денесі басқа жерден табылды. Тәртіп сақшылары өлген әйелдің кім екенін анықтады.

Саудагер Алдияр Әбиболла күдіктіні өз көзімен көрген.

"Күдікті осы жерде жүрді, көзілдірік пен маска тағып алған. Көк күрте киіп, ары бері жүрген еді. Пакетті ол біздің көрші дүкенге тастады. Дүкеннің ішіне тастады. Сосын сыртта тексеріп ашып қараса, адамның басы. Саудагер Алдияр Әбиболла

Кейбіреуінің айтуынша, марқұмның денесі Сейфуллин мен Шолохов көшелерінің қиылысындағы саябақтан табылған. Алайда полиция бұл қылмыстың мән-жайы туралы ашып айтпаған. Ал әлеуметтік желіде басы кесілген мәйіттің фотосы тарады. Кейін полиция ресми растады.

Саябақ маңындағы қараусыз қалған ғимарат жанынан таңғы 9 шамасында әйелдің мәйіті табылған. Марқұм 1976 жылы туған әйел, бұрын бірнеше рет сотталыпты.

"Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.  Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр". Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: