Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы қарулы адам: оқиғаның мән-жайын куәгерлер айтып берді

Алматыда атыс, оқ ату, тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2022 11:34 Сурет: Zakon.kz
Алматының «Алатау сити» тұрғын үй кешенінде түнде болған атыс туралы жаңа мәліметтер белгілі болды. Оқиғаның куәгерлері бәрі қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметінше, ер адам тұрғын үй кешенінің ауласында өтіп бара жатқан адамдардың көзінше аңшы қаруынан оқ жаудырған. Адамдар зардап шекпеді, бірақ қатты қорқып қалған.

Біз қатты бір дауысты естідік. Басында біреу хлопушка атып, ойнап жатыр деп ойладық. Бір кезде сырттағы адамдар шулай бастады. Сол кезде оқ әскери қарудан атылып жатқанын түсіндім. Терезеден қарасам, адам топырлап жүр екен.Ардақ Ермеков

Атыс кезінде аулада көп адам жүрген. Тіпті балаларымен ойнап, серуендеп жүргендер болған.

Сағат 22:00 шамасында дүкеннен қайтып келе жатып, орындықта отырған адамды байқадым. Көзім нашар көретіндіктен оның қолындағы қаруды байқамаппын. Мен үйге кіре бергенде оқ атылғанын естідім. Балконнан мылтық ұстаған сол кісіні көрдім. Үйде балаларым болды, бәрі қатты қорықты. Біз еденге жатып, оқ атқан адамды ұстағанға дейін екі сағаттан астам уақыт жаттық. Тұрмадық, еденде еңбектеп жүріп қана қозғалдық. Балалар истерикамен жылап жүрді.Нұржамал Шәукерова

Көршілердің айтуынша, қолында қаруы бар ер адам подъезден шығып, көлік тұрағын жағалап кеткен. Бір-екі минуттан кейін оқ атқан. Ол екі оқ атты: бірін ауаға, екіншісі бейнебақылау камерасына. Атыстан кейін күдікті тағы үш сағаттай аулада болған, содан кейін ол ұсталды.

Клара Таменова осы кезде баспалдақ маңында болған. Оқты естіп, үрейлене қарап, тұрып қалған.

Ол қаруымен орындықта отырды. Қарап, «Құдай сақтасын, біреу қасына барып, сосын ол сол адамға қарай оқ атып бәле бола ма» деп қатты қорықтым. Бірақ олай болған жоқ. Ол тыныш, бір орында отырды. Екі адам өтті, одан кейін тағы екі адам өтті, ол ешкімге көтерілмеді.Клара Таменова

Көршілерінің айтуынша, күдікті жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді, үйінде сирек көрінеді.

Полицияның мәліметінше, ер адам әйелімен жанжалдан кейін қолына қару алған.

Сағат 22:00 шамасында 102 пультіне екі рет оқ атқан қарулы адам туралы хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері келіп, ер адамнан қаруын алып, оны ұстады. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, ол мұндай қадамға отбасындағы жанжалдан кейін барған. Ол – Алматы қаласының тұрғыны, 1985 жылы туған азамат М. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Салтанат Әзірбек, Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі

«Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оқ атқан адамға үш жылдан жеті жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: