Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы дәрігердің өлімі: оқиғаның мән-жайы айтылды

Алматы, Юрий Шумков ісі, кісі өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 11:55 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматылық дәрігер Юрий Шумковты өлтірді деген күдікті дәрігерді екі ай бойы аңдыған. Гастроэнтеролог жұмыс істеген емхана басшысы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Емхана директоры Ләйлә Тәшенова күдікті Шумковқа үш рет қаралуға барғанын атап өтті.

Алғаш рет ол гастроэнтерологқа 1 ақпан күні барып, тамақтана алмай жүргеніне шағымданған. Ол кезде қарау мүмкін болмапты. Өйткені ол зондты жұлып тастаған.

Дәрігердің әріптестерінің айтуынша, келесі күні процедураны қайта жасауға тырысқанымен, одан түк шықпаған. Науқаста өңеш спазмы болған. Дәрігер оны ларингооторинологқа кеңесуге жіберіпті. Шумков оған үшінші рет келгенде ғана эндоскопиялық тексеру жүргізе алған. Содан кейін ғана оған ем тағайындаған.

КТК тілшілері атап өткендей, Юрий Шумков науқастармен ешқашан жанжалдаспаған. Сол күні де ешқандай ұрыс-керіс, жанжал болмаған.

Алайда, 4 сәуірде дәрігер аңшы мылтығынан атылған оқтан көз жұмды.

Кейін белгілі болғандай, науқас дәрігерді ұзақ уақыт аңдыған. Тергеушінің айтуынша, ол дәрігерді сол күні түнгі екіден бастапаңдыған. Ізін аңдыған, көлік тұрақтың қай жерінде тұрғанын білген. Қайғылы оқиға сағат тоғыз шамасында, 8:59-да болған дейді тергеушілер. Емхана директоры Ляйля Тәшенова

Кісі өлтірген күдікті Алатау ауданы аумағында ұсталды.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өлтіру себебі анықталуда. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: