Алматы хайуанаттар бағы "қарт тұрғынынан" айырылып қалды
Сурет: Telegram/zooalmaty2022
11 сәуірде Алматы хайуанаттар бағындағы "ең қарт тұрғын" Абессин мүйізді қарға өліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы хайуанаттар бағы тұрғынының жасы 50-ден асқан. Бақтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қарғаның нақты жасын ешкім білмейді.
Ол хайуанаттар бағына 1975 жылы ересек болған кезінде келді. Оның отаны Африканың солтүстігіндегі Эфиопия болуы мүмкін.
"Оның екі қызы Алматы хайуанаттар бағында қалды. Патриархтың өзі көзі тірісінде өзінен соң көп құс қалдырған. Олар бұрынғы Одақтағы хайуанаттар бақтарына тарап кеткен", - делінген хабарламада.
Ақпан айының соңында Өзбекстандағы хайуанаттар бағында қалыптан тыс аяздан Қазақстаннан барған жираф өлгені белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript