Жаңалықтар тізбегі
0

Пойызда ішімдік ішкен жолаушы қамауға алынды

Ішімдік ішкен адам жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 15:24 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы – Павлодар пойызында жолаушы ер адам алкогольдік ішімдік ішкені үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Алматы – Павлодар бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Құқық бұзған жолаушы Шығыс Қазақстан облысы Ақтоғай станциясына келгеннен кейін пойыз бастығының актісі бойынша түсіріліп, желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берілді.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты. Тексеру барысында көлік полицейлері Павлодар облысының 28 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жол бойында алкогольдік ішімдіктерді ішіп, балағат сөздер айтып, жолсеріктердің ескертулеріне құлақ аспаған. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған.

"Тәртіп сақшылары құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі хаттама толтырып, іс Павлодар облысы Баянауыл аудандық сотына жіберілді. Айта кету керек, бұл ер адам бұған дейін қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін жауапқа тартылған болатын. Бір жыл ішінде қайталап жасап отыр. Сот әкімшілік істің материалдарын қарап, оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарды, – деді М.Айтуғанов."

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері жолаушылар пойызынан түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 269 құқық бұзушы акт бойынша түсірілді, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін – 244, ұсақ бұзақылық үшін сегіз жолаушы.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: