Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада футбол турнирінде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

полиция Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің бір-бірін соққыға жығып жатқандығы туралы видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 13 сәуір күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде футбол алаңында орын алған. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ.

Аталған дерек Қызылорда қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.

Мән-жайларды анықтау мақсатында төбелеске қатысушылар полицияға жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, қатысушылар арасында жанжал туындаған спорттық турнирдің ұйымдастырушылары да полицияға жеткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз