Желіде футбол матчының көрерменін жаңбырдан бүркеп тұрған полицейдің видеосы тарады

Желіде футбол матчының көрерменін жаңбырдан бүркеп тұрған полицейдің видеосы тарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2024 18:09 Сурет: видео скрині
Футбол матчының көрерменін жаңбырдан бүркеп тұрған полицейдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семейдегі "Спартак" стадионында нөсер жаңбырдан мүгедек арбасындағы ер адамды қолындағы жабындымен бүркеп тұрған полицейді көрермендердің бірі видеоға түсіріп алған.

Бейнероликтің бас кейіпкері футбол матчында қоғамдық тәртіпті күзетіп тұрған ЖҚАЖ арнайы бөлімінің жауынгері болып шықты.

Ол қайырымды іс жасап, бір адамға көмегі тигеніне қуанатынын айтты.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: