Қызылордада 5 жыл сәби күткен әйел үшемді дүниеге әкелді
Сурет: видео скрині
Қызылордада Айлин, Анель, Адель есімді үшем дүниеге келді, Zakon.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Ұзынжасовтар отбасы 5 жылдан бері сәбилі болғысы келген. Олар "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында ЭКО көмегімен перзент сүю бақытына кенеліп отыр. Сәбилер мерзімінен бұрын жүктіліктің 28-аптасында Байқоңырда дүниеге келген.
Дереу санитарлық авиация көмегімен облыстық "Ана мен бала" орталығына жеткізілген сәбилер қазір мамандардың жіті бақылауында. Салмағы шамамен 1,5 келі болып туған нәрестелер өздігімен ана сүтін еміп жатыр.
Жалпы, "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша облысқа биыл 274 квота бөлінген. Қосалқы репродуктив технологиялардың көмегімен жыл басынан бері 62 перзент дүниеге келді. Қазіргі таңда 700-ге жуық қызылордалық отбасы жасанды ұрықтандыру кезегінде тұр.
"5 жыл күттік осы сәбилерді. 4 жылдан кейін портал алдық. Осы Қызылорда облысында экомед клиникасында қаралып жүрдім. Бала көтере алмайтынымды 4 жылдан кейін білдім. 2021 жылы "Аңсаған сәби" бағдарламасымен тізімге тұрдым. Құжаттарымды бастап дайындап, тамызда "перенос" болып, балаларды салдырып келдім, 2 бала болған. Одан кейін Алланың құдыретімен 3 сәби дүниеге келіп жатыр". Үшемнің анасы Әйгерім Әлімханова
"Біздің облысымыз бойынша 119 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 3 егіз бала. Былтырғы жылы 2022-де 277 квота бөлініп, ол да толықтай игерілді".Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript