Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысындағы автожолдардан 23 адам эвакуацияланды

Ақтөбе облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2023 14:10 Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына, жүк және жолаушылар көлігі үшін жол қозғалысының шектелуіне байланысты Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары 23 адамды эвакуациялады. Өңірде дауылды ескерту жарияланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 сәуірде 112 пультіне Хромтау ауданы Самара-Шымкент автожолының 820 шақырымында жолаушылары бар автомобиль жолдан шығып кетіп, эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде Хромтау ауданының құтқарушылары мен жол талғамайтын ТРЭКОЛ құтқару техникасы жіберілді. Авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, Хромтау қаласы мен Ақжар ауданына жеткізілді.

Сол күні сағат 23:50-де Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Сағашиілі ауылының аумағында зақымдалған жеңіл автокөліктен адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде Мұғалжар ауданының құтқарушылары 3 адамды құтқарып, Қандыағаш қаласына жеткізді.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауды, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: