Ақтөбе облысында жолда қалған 23 адам құтқарылды

Қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 13:16 Сурет: pixabay
Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысында дауылды ескерту жарияланды. Жолда қалған 23 адам құтқарылды.

Мұғалжар ауданында боранда қалған үш адам Қандыағаш қаласына аман-есен жеткізілді. Сондай-ақ Самара-Шымкент автожолының 820-сыншы шақырымында автобус жолдан шығып кетіп, оның ішіндегі 20 адам Хромтау ауданының Ақжар ауылына орналастырылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Қарлы боран салдарынан жолдарда бірнеше шақырымға созылған көлік кептелістері пайда болды.

Мәртөк, Әйтеке би, Шалқар және Ырғыз аудандарында уақытша жарық өшті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: