Жаңалықтар тізбегі
0

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Сұлтан Бейбарыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2023 14:50 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады, оның 50-ге жуығы халықаралық және республикалық деңгейде өткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әл-Азһардың Бас имамы шейх Ахмед ат-Тайеб Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шарифті қабылдады.

Осыдан тура 9 ай бұрын, 2022 жылғы 13 қыркүйте Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Азһардың Бас имамы шейх Ахмед ат-Тайебпен кездесіп, оның барысында әл-Азһар университетінің дәстүрлі ислам білімінің ордасы әрі діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі орталығы ретіндегі ерекше рөлі аталған болатын.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі шейх А. ат-Тайебті биылғы жылы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын тойлау аясында өтетін іс-шаралармен таныстырып өтті.

Әл-Азһар шейхі өз тарапынан Каирдегі әз-Заһир Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылуына орай, сондай-ақ әл-Азһар университетінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізу бойынша мүдделі мысырлық мекемелерге тиісті тапсырмаларын берді.

Айта кететін жайт, мерейтойға қатысты 500-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланса, оның 50-ге жуығы халықаралық және республикалық деңгейде өткізілмек. Бұл іс-шаралар мәдени-ағарту және білім беру салаларында ұлы Сұлтан Бейбарыс мұрасын кеңінен насихаттауды көздейді. 2023 жылғы 24 ақпанда Астанада көрнекті қолбасшы Сұлтан Бейбарыс атындағы көше ашылды.

Анықтама: 2023 жылғы 3 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары А. Көлгіновтың төрағалығымен Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын тойлау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтіп, мерейтойды тойлау жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланып бекітілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: