Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай қандай шаралар өтпекші

Үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 20:37 Сурет: primeminister.kz
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын тойлау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланып, бірауыздан бекітілді.

Мерейтой аясында 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда, олардың 50-ге жуығы халықаралық және ұлттық деңгейде өтеді. Бұл іс-шаралар ұлы батырдың мұрасын мәдени-танымдық және ағартушылық бағыттарда насихаттауды көздейді.

Мәселен, Каир қаласында Сұлтан Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылуы, Қазақстанның Мысырдағы мәдениет күндері, Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармониясының, "Сүгір" ұлттық аспаптық оркестрінің концерті өтеді.

Сондай-ақ ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірлесіп Түркітілдес елдердің ақын-жазушыларының шығармашылық жарысын (мүшайра), Каир қаласынан Түркістанға ислам өнері мұражайы қорынан "Мәмлүктер дәуірі" жылжымалы көрмесін өткізу жоспарланып отыр.

Кеңес барысында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов біздің құндылықтарымызды құрметтеу, әл-Фараби, Абай, Бейбарыс Сұлтан сияқты алып тұлғалардың ұлы істерін дәріптеу ұрпақтар алдындағы ортақ парыз екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: