Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан аумағында бір тәулікте үшінші жер сілкінісі тіркелді

жер сілкінісі Сурет: Zakon.kz
Алматылық сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 377 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС 16 сәуірде Алматы уақытымен 16:12-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан  солтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым жерде орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,8.
  • Магнитудасы - MPV 4,0.
  • Тереңдігі - 15 шақырым.

Жер сілкінісі сезілмеген.

Алғашқы жер сілкінісі сағат 07:40-та Алматыдан 325 шақырым жерде Қытаймен шекарада болды. Сейсмологтар тағы бір жер асты дүмпуін 08:55-те тіркеді. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз